Әлеумет Ішімдік алу үшін ыдыс аяқ ұрлаған ұры ұсталды Редактор 17.07.2022 10005 1 оқу мин Ұрлық қарлықты кәсіп қылғандар қолына түскенді жымқыра беретін болыпты. Қомақты қаржы түсіретіндей емес, ыдыс аяқ ұрлағанды көрген кім бар? Түркістан облысна қарасты Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйінде ешкім болмағандығын пайдаланып, белгісіз біреу ұрлыққа түскен. Ұры жәбірленушінің үйінен түрлі ыдыс-аяқтарды ұрлап кеткен. Тұрғынға келген шығын көлемі 60 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына бірден келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, күдікті ер адам ішімдік алу мақсатында осындай қадамға барған. Ол жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, өзімен бірге арнайы шеге суырғыш құрылғысын апарып, ағаш есікті бұзып кірген. Сезікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер оның сатқан заттарын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 7427 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 9981 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6176