Әлеумет «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде Редактор 17.07.2022 14369 1 оқу мин Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес 27-29 маусым аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүру ережелері, бала еңбегін пайдалану деректерін анықтау. Профилактикалық шара кезінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта аудан аумағындағы адам көп шоғырланатын жерлерді, көлік жуу орталығын, базарларды барып тексерді. Тәртіп сақшылары ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалап, балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүріс-тұрысын үнемі бақылауда ұстау және түнгі уақытта көшеге жібермеуге кеңес берді. Себебі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады. Айта кететін жайт бұл бағыттағы шаралар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10361 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992