Әлеумет Қазығұрт ауданында заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды Редактор 18.07.2022 8798 1 оқу мин Жаз мезгілінде елімізге нәпақа табу үшін келетін шетелдіктер қаптайтыны рас. Олардың дені заң бұзатыны да анық. Осындай заңбұзушылықтардың орын алмасы үшін құқық қорғаушылар Түркістан облысы аумағында «Заңсыз келуші-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Шараның басты мақсаты — Қазақстан аумағына заңсыз келген, жұмыс жасап жүрген шетел азаматтарын анықтау. Бұдан бөлек, көші қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен оларды қабылдаушы азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Аталған іс-шара кезінде Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген 7 азаматты анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нң 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша хаттама толтырып, соттың қаулысымен 1 тәулікке арнайы арнайы қабылдап тарату бөліміне жабылды. Сондай-ақ республика аумағына келіп уақыт мерзімі өтіп кеткен 1 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот қаулысымен 76 575 теңге көлемінде айыппұл салды. Тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының 2 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік шара көрілді. Бұл бағыттағы шаралар Қазақстан аумағына заңсыз келушілер мен жұмыс жасайтын шетел азаматтарының санын азайтады. Алдағы уақытта мұндай тексеру жұмыстары полицейлер тарапынан өз жалғасын таба бермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 18060 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25635 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31354