Әлеумет «Playstation» жалға алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген жас жігіттер ұсталды Редактор 19.07.2022 13655 1 оқу мин «Playstation» ойынын бүгінде жасы да, жасамысы да ермек ететіні рас. Ойын залдарынан бөлек, жалға алатындардың да қатары аз емес. Жуырда Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, «Sony Playstation 5» ойын құралын белгісіз біреулер жалға алып, қайтармай қойған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 700 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Отырар ауданы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары анықталып, ұсталды. Бір қызығы күдікті жас жігіттер «Sony Playstation 5» маркалы ойын құралын жалға алып, оны қаражат тапшылығына байланысты ломбардқа апарып өткізіп жаратып жіберген. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзгенің мүлкін өзінікіндей көріп, өткізіп жіберген жігіттер енді өмірлік сабақ алатын болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992