Әлеумет Заңсыз ойынхана ашқандар құрықталды Редактор 19.07.2022 3375 1 оқу мин Көлеңкелі бизнестің көрігін қыздырып жүргендердің қатары аз емес. Оларға өзгелердің қалтасы қағылып, өзінікі қалыңдағаны ғана маңызды. Құқық қорғаушылар облыста көлеңкелі бизнестің бір түріне айналған ойын бизнесін кәсіп еткендер, құмар ойынға салынғандар қатары көбейгенін айтып отыр. Бұл заңсыздықтың жолын кесумен полиция қызметкерлері қанша күресіп жатса да, адамдар көлеңкелі кәсіпке құныққандар бизнестерін тоқтатар емес. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда ауылдардың бірінде заңсыз ойынхана жұмыс жасап жатқанын айтқан. Әбден күйінген ауыл тұрғындары құқық қорғаушылардан көмек сұрағаннан басқа амалдары қалмаса керек. Хабар келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Қаржыға құқыққандар ойынхананы барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықтап алыпты. Қомақты қаражат түсіретін істен ақшаны аямаса керек. Тіпті қойма дерсің. Тексеру барысында 2 дана үлкен монитор, 6 дана процессор, чек шығаратын аппарат тәркілеп алды. Полиция қызметкерлерінің жедел-әрекеті нәтижесінде ойынхананың иесі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Полицейлер дәл осындай заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тағы да бір жас жігітті ұстады. Мекенжайды тексеру кезінде одан да айғақты зат ретінде 3 дана үлкен монитор, 9 дана кіші монитор, 8 дана процессор, чек шығаратын аппарат және 1 дана интернет модем мен камера тюнер тәркілеп алынды. Сараптама тағайындалды. Аталған 2 жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әрине заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретіндігі белгілі. Мұндай ойын орталықтары қоғам үшін қауіпті екендігі де рас. Құмар ойынға беріліп кеткендер өз өздерін тоқтата алмай ақыр аяғында ұрлыққа, түрлі қылмысқа бой алдырып жатады. Сондықтан да тәртіп сақшылары заңсыз ойын бизнесін тоқтатуға барынша күш салуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 909 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 1967 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 1671