Әлеумет Егістік алқабынан сіріңке қорабын тауып алған… Редактор 19.07.2022 10976 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі өсірудің, баптау мен тасымалдаудың соңы — қатаң жазаға алып келетінін ескертеді. Алайда оны құлаққа ілетіндердің қатары аз болып тұр. Дегенмен тәртіп сақшылары есірткі қылмысымен күресуді тоқтаусыз жалғастырып келеді. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасын өткізуде. Осы шара барысында есірткі еккен тұрғынды анықтады. Яғни ер адамның ауласын тінтіген полицейлер ауладан есірткі затына ұқсас 3 түп өсімдікті тапты. Полицейлер өсімдікті айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы оның «сора» есірткісі екендігін растады. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, ер адам ауданға қарасты егістік алқаптың шетінен сіріңке қорабын тауып алған. Оның ішіндегі заттың есірткі затына ұқсас екендігін біліп, өсіру үшін арнайы үйіне алып келген. Яғни күдікті ер адам оны өзі пайдалану мақсатында ауласына еккен. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 2627 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39667 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37515