Әлеумет Зейнеткердің банк кәртішкесінен заңсыз ақша алған ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 6337 1 оқу мин Бүгінде банк кәртішкесімен жасалатын ұрлық санаты көбейіп кеткен дейді тәртіп сақшылары. Мұндай мобильді ұрылардың жылдам ұстауға мүмкіндік барын біле тұра осындай қадамға баратындарға таң қалмасқа шара жоқ. Жуыра Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келді. Яғни зейнеткер әйел өзінің банк кәртішкесін жоғалтып алғанын айтқан. Бір қызығы оның ұялы телефонына банк есепшотынан ақша алынғандығы туралы «SMS» хабарлама келіп түскен. Мұндай жағдай 2 ай бойы қайталанған. Жәбірленуші дереу полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Хабарды алған түлкібастық сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Осы құқық бұзушылықты жасаған күдіктіні табуға қажетті жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы әрекет жасаған полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Күдікті ер адам зейнеткер әйелдің жақын көршісі болғандықтан оның банк кәртішкесінің құпия сөзін бұрыннан білетін болып шықты. Ал зейнеткер әйел кәртішкесін жоғалтып алған сәтте, оны көршісі тауып алған. Алайда ол зейнеткерге тиесілі затты қайтарып берудің орнына құпия сөзін білетіндіктен, өзінің арам ойын жүзеге асырған және мұндай қадамға бірнеше рет барған. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алынған ақша мен банк кәртішкесін толықтай заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3425 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 4461 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4524