Әлеумет «Мемлекеттен жәрдемақы шығарып беремін» деп тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды Редактор 20.07.2022 13079 1 оқу мин Алаяқтық қылмысының көбейіп кеткеніне орай тәртіп сақшылары ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда одан нәтиже шығаратындардың қатары аз. «Құлақтан тебетін» алаяқтардың әдемі әңгімесіне елітіп, ақшасын өз қолдарымен санап беретіндердің қатары азаймай отыр. Жуырда Түркістан ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел «мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін» деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150 000 теңгеден алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркелді. Тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында құқық қорғаушылар қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Осылайша жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде орта жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Анықталғандай, күдікті әйел қайтарымсыз ақша алып беремін деп, 3 тұрғыннан 150 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992