Әлеумет Шекарадан «марихуана» алып өтпек болған өзбекстандықты «Марика» атты ит ұстап берді Редактор 21.07.2022 8817 1 оқу мин Кеден бекеттерінде шекарашы иттердің көрсетер көмегі өте көп. Бүгін Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Азаматтың Күдіктінің шекара бекетінен қалайша оп оңай тиым салынған затты алып өтем дегені қызық болып тұр. Өзбекстандық тұрғын өзінің «Daewoo Nexia» маркалы жеке автокөлігімен шекарадан өтіп бара жатқан уақытта «Марика» атты иттің белгі беруі арқылы тоқтатылды. Күдік тудырған көлік жіті тексерілді. Жасырылған зат оп оңай табылды. Автокөлік қозғалтқышының астында қоңыр түсті пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат тәркіленді. Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «марихуана» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шекара бекетінде күні түні қырағы күзетте жүрген «Мариканың» бұдан өзге де қылмыстарды ашуға көрсеткен көмегі көп. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 7446 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 10945 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 7441