Әлеумет Әскердегі қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті Редактор 21.07.2022 5782 1 оқу мин Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскери қызметке шақыру кезіндегі проблемалық мәселелер белсенді талқылануда. Біздің елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылатынын (Конституцияның 36-бабы) жұртшылыққа жеткіземіз. Жыл сайын Қазақстан Президенті азаматтардың шақыруын жариялайды. Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақыруға жатады (Заңның 31-бабы). Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі (Заңның 30-бабы). Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-б. 3-т.). Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Баяндалғанды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы прокуратурасы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 7446 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 10945 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 7441