Үстел теннисі өте қызықты, жан-жақты және әр жастағы адамдар үшін қолжетерлік ойын. Қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы және техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен өзіне қатты қызықтыратыны анық. Осындай ерекшелігімен көпшіліктің назарын өзіне аударып келе жатқан кезекті ойынды Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторлары Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №13 Н. Төреқұлов атындағы мектебінде Жетісай ауданы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға «Біз — нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу болып табылады. Бұл бәсекелі жарыста пробация қызметінің есебіндегі 25 жас қатысып, турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша мына ойыншылар медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Президентіміз болашақ жастарымыздың саулығын әріден ойлап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын бірнеше рет ескертіп айтқан болатын. «Спорт – денсаулық, спорт – сұлулық, спорт – жетістік, спорт – адам мүмкіндігінің қырлары. Біз осыны әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек», — деген Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлағатты бастамаларын толығымен қолдап, үстел теннисінен жарысты өткізудің инициаторы әрі негізгі ұйымдастырушылары ретінде танылып жүрген «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлеріне қатысушылар зор ризашылығын білдірді.