Түркістан облыстық сотының судьясы, татуластыру судьялардың үйлестірушісі А.Алшынбаев, Түркістан қалалық сотының судьясы Г.Торғаева «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастырумен өткізілген «Медиация — дауды шешудің ең жақсы тәсілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты, Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі. Аталған іс-шараға «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, Түркістан облысының және Шымкент қаласы бойынша медиация кеңесінің төрайымы, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының, Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының және «DENSAULYQ» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» Түркістан облыстық ұйымының заңгерлері, «Шапағат-педагог білім және басқа мамандықтар қызметі» жергілікті кәсіподағы бірлестігінің өкілі, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас мамандары қатысты. Дөңгелек үстел барысында А.Алшынбаевпен Л.Ақшегірова медиация жөнінде өз баяндамаларын жеткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – «Медиация туралы» Заңдағы жаңа өзгертулер, қазіргі заң талабына сәйкес, сот процесіндегі медиациялық бітімгершіліктің рөлі, азаматтық істердің медиация тәртібімен шешілуін және Заңды қолдануда туындайтын мәселелер талқылау. Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Медиация туралы» Заңды қолдана отырып қаралған азаматтық істер бойынша туындайтын мәселелер мен олардың шешу жолдарын айқындады.