Әлеумет Туысының ірі қара малдарын ұрлап, сатып жіберген жас жігіт ұсталды Редактор 23.07.2022 6056 1 оқу мин Бүгінде мал ұрлығы өршіп тұрғаны жасырын емес. Тәртіп сақшылары аталған ұрлық түріне қатысты «майдан» ашып, қарқынды түрде жұмыс істеп жатқанынан қарамастан тұрғындардың бейғамдығын ұрылар сәтті пайдалануда. Түркістан облысына қарасты Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын егістік алқапта арқандаулы тұрған 2 бас өгізін белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 350 000 теңгені құраған.. Мал ұрлығына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Жайылымға жақын маңдағы ауылдар мен егістік алқаптарды түгел сүзіп шықты. Барымташылардың басты көздейтіні мал базары болғандықтан сол базарлар мен оларға баратын жолдардағы көліктер Індете іздестірудің арқасында ұрланған малдар табылды. Мал егесі болса, үй жануарларын жас жақында ғана жас жігіттен сатып алғанын жеткізді. Алынған ақпарат көздері арқылы мал ұрлығын жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды. «Ұры алыстан келмейді» дегендей, сезікті мал иесінің туысы болып шықты. Жергілікті жердің жағдайын, туысының малы қайда болатынын жақсы білетін жас жігіт, таңғы сағат 05:30 шамасында арқандаулы тұрған малдарды жетектеп кеткен. Содан бірден мал базарға апарып, сатып жіберген. Ол өзінің бұл әрекетін ақшаға қатты қажеттіліктен барғандығын айтып отыр. Бүгінде 2 бас өгіз айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 8748 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 11966 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 8641