Әлеумет Судьялар қайырымдылық акциясын жасады Редактор 23.07.2022 15140 1 оқу мин «Судья мен сот қызметкері күні» кәсіби мерекесінің қарсаңында Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары қайырымдылық акциясын жасады. Судьялар қауымы Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, олардың тыныс-тіршілігімен, мүмкіндігі шектеулі қызмет алушы балалардың жай-күйімен танысты. Судьялар аталған Оңалту орталығында бір жарым жастан он сегіз жас аралығында ем –дом қабылдап жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларға жаттығу жасауға арналған Татами матрасын сыйға тартты. Балаларға қажетті дәруменге бай жеміс-жидек сыйлап, балаларды қуантты. Кездесу соңында судьялар балаларды оңалтып, өмірге бейімделіп кетуіне жағдай жасап отырған Орталықтың мамандарына алғыс айтты, жұмыстарына табыс тіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018