Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді қолға түсіру, қылмыстың алдын алудан бөлек, қоғамның әр мүшесінің өмірін қауіп-қатерден сақтау үшін де қарқынды жұмыстар атқаруда… Күннің ысуына байланысты рұқсат етілмеген орындарда демалушылардың қатары көбейді. Салдарынан, қайғылы жағдайлар көптеп орын алуда. Себебі, тұрғындар қарапайым сақтық ережелерін ұстанбайды. Адамдар суға ішімдік ішіп түсіп, балаларды жағажайда қараусыз қалдырады. Тек, ағымдағы жылдың осы мерзіміне дейін 2 адам суға кеткен. Оның 1-і жасөспірім балалар. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімі суға түсу маусымы басталғалы жергілікті атқарушы органдармен, білім беру басқармасы және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп бірнеше рейдтік іс шаралар өткізілді. Шомылушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өкінішке қарай, берілген ескертуларге қарамастан тұрғындар тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға түсуін тоқтатар емес. Осы орайда аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі тұрғындарды ережелерді сақтап, ата-аналардан балаларына абай болуға шақырады.