Бүгін департаментте 17 қала, ауданның полиция басшылары мен полиция құрылымдарының бастықтарымен, жарты жылдың қорытындысы мен ҚР ІІМ М.Ахметжановтың тапсырмаларын жеткізу мақсатында мәжіліс өткізілді. Мәжіліске Түркістан облысы прокурорының орынбасары Ж.Нұрғали, облыс прокуратурасының Басқарма бастығы Е.Рыскелдиев қатысты. Жиын 2 бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімінде бірінші орынбасарым Абдуғани Сейдуалиев «Жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі» туралы баяндаса, одан соң әрине маңызды тақырыптар «Қылмыстық істердің сотқа жолдануының жай-күйі» бойынша тергеу жөніндегі орынбасарым Асылжан Қалдарбеков, «Жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы кадр жөніндегі орынбасарым Бауыржан Сапар баяндама оқыды. Жалпы жиын барысында барлық осы қозғалған салалар бойынша әрбір қала, аудан басшыларынан жұмыс нәтижесі сұралды. Оған қоса облыстағы жедел жағдайды одан әрі де жақсарту, ұсыныс пікірлер арқылы алдағы күндерге жоспарлар бекіту іске асырылды. Жоғары көрсеткіш көрсетіп, тұрғындардың арыз шағымдарын қанағаттандыру, қылмыстарды азайту мен болдырмау үшін дәл осындай мәжілістер алдағы уақытта да пысықталып, өткізілетін болады.