Әлеумет Жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық өзгерістерді түсіндіру бойынша жиын өтті Редактор 24.07.2022 14615 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орынбасары полиция генерал-майоры М.Баймұқашевтың талап хатын орындау мақсатында Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті. Арнайы жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық өзгерістерден хабардар етті. Сонымен қатар, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарына тоқтала отырып, стратегиялық құжат зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті. Аталған құжаттағы жаңашылықтардың бірі негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кетуі үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады. Сондай-ақ жемқорлықты азайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа төзбеуге, тұрақтылыққа тексеру (integrity check) жүргізуді жоспарлап отырғандығы, бұл адал емес қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретіндігінен қатысушыларды хабардар етті. Жиын соңында ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1558 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282