Әлеумет “Әділдікті талап ет” акциясы басталмақ Редактор 27.07.2022 16957 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Әділдік Жолы» РҚБ атқарушы директоры орынбасары Н. Б. Мұқановпен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы аясында бұқаралық санаға «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын енгізу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалдары құрылды. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметі — елдің тұрақты және жан-жақты прогресінің маңызды факторы екені атап өтілді. Осыған байланысты, ҚР Президентінің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыруда «Әділдікті талап ет!» республикалық акциясы құрылуы жоспарлануда. Акцияның негізгі мақсаты-қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік көрсетіп, ахуалын қалыптастыру және бұл процеске ел азаматтарын жаппай тарту. “Әділетті талап ет!» акциясын 2022 жылдың 10 тамызында бастап, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті тақырыптарды кезең-кезеңімен қамту жоспарланған. Бірінші кезеңде — автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтай отырып, автожол саласының проблемаларына назар аудару. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018