Түркістан облсына қарасты Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейд жүргізіп, есірткі заттарын жойды. Толығырақ айтар болсақ, учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген тексеру кезінде жергілікті тұрғынның ауласында ірі мөлшерде есірткіге ұқсас зат өсіретіндігі анықталып, 102-ге хабарланады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша тіркеуге алынып, полицейлер оқиға орнына шықты. Күдікті тұрғынның ауласына тінту жүргізген полицейлер, 19 түп күтіп-баптап өсірілген есірткі затына ұқсас өсімдік пен кептірілген жайылып есірткі секілді ұнтақ тапты. Сондай-ақ есірткі қолдануға арналған арнайы бөтелкеден қолдан жасалған құрал тәркіленіп алынды. Алынған заттарға сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысымен өсімдік түптері 3,5 келіге жуық сора, ал кептірілгені «марихуана» болып шықты. Сұрастыру барысында тұрғын есірткі заттарын өзі қолдану мақсатында өсіргенін мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» мен ҚК 296-бабына «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» сәйкес тергеу әрекеттері жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын қолдану, сақтау, оны сатудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.