Әлеумет Кәсіпкерлерге қатысты 103 млн. теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар қысқартылды Редактор 28.07.2022 14315 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы әкімшілік заңнаманың қолданылуын талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу фактілерін анықтады. Түркістан облысының полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабына қайшы әкімшілік айыппұлдарды (арнайы техникалық бақылау-өлшеу және аспаптармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша) төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды белгіленген мерзімде мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларға жолдамай, ал орындау мерзімі ескіруіне қарамастан, қысқартпастан негізсіз өндірісте болған. Бұл, өз кезегінде, көліктерді мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі тудырған (өндірістегі әкімшілік айыппұлдар салдарынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартылады). Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 4848 кәсіпкерге қатысты 103 млн. теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар қысқартылып, құқықтары қорғалды. Кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018