Әлеумет «ҰҚК қызметкерімін» деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды Редактор 28.07.2022 6745 1 оқу мин Бүгінде алаяқтықтың түр түрі «гүлденіп» тұр. Құқық қорғаушылар қаншама рет «алаяқтықтан сақтаныңыздар» деп түсіндірме жұмыстарын жүргізсе де ескеретіндердің қатары аз болып тұр. Оның үстіне күн сайын жаңалықтардан алаяқтарға алданып қалғандар туралы ақпарат тыңдап жүрсе де торға түсетіндердің қатары азаймай тұр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оған танысы «Алматы қаласындағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беремін» — деп, сеніміне кіріп, 1 500 000 теңге ақшасын алған. Алайда, ер адам берген уәдесінде тұрмай, не ақшасын қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз екені де расталды. Анықталғандай күдікті мен жәбірленуші Төрткөл ауылынан Темірлан ауылына жолға шыққанда көлік ішінде танысады. Сезікті ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Күдікті жәбірленушінің сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген. Алайда, ер адам ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен. Күдікті ер адам алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шетелдік көлікті заңдастырып беремін»: Түркістанда полиция алаяқтыққа күдіктіні ұстады 1 оқу мин Әлеумет Шетелдік көлікті заңдастырып беремін»: Түркістанда полиция алаяқтыққа күдіктіні ұстады 22.04.2025 2315 «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 1 оқу мин Әлеумет «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 22.04.2025 2608 Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 16699