Әлеумет Мас халдегі ер азаматтан марихуана есірткісі тәркіленді Редактор 29.07.2022 4648 1 оқу мин Есірткіге есі кеткендердің кесірі талайларға тиетіні жасырын емес. Құқық қорғаушылар есірткіні таымалдау, оны сату, өсірумен айналысатындардың жолын кесу үшін қарқынды түрде жұмыс атқаруда.Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресуде «Қарасора 2022», жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде. Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «кептірілген марихуана» есірткісі екендігі анықталды. Тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осы бап бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шетелдік көлікті заңдастырып беремін»: Түркістанда полиция алаяқтыққа күдіктіні ұстады 1 оқу мин Әлеумет Шетелдік көлікті заңдастырып беремін»: Түркістанда полиция алаяқтыққа күдіктіні ұстады 22.04.2025 2315 «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 1 оқу мин Әлеумет «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 22.04.2025 2608 Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 16699