Әлеумет Жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды Редактор 02.08.2022 14590 1 оқу мин «Аңқау елге арамза молданың» кейпіне енген алаяқтар бүгінде түрлі айла-шарғыларға барып, оңай жерден олжа таппақты ғадетке айналдырған. Тұрғындардың құжатқа құнтсыздығын, артық жүгіріске бармай, ақшамен бітіруді көздейтіндіктері алаяқтардың да оң жамбасына дөп келіп тұр. Жуырда түркістандық тұрғын алаяқтың қақпанына түскенін айтып тәртіп сақшыларына арызданған. Алыс танысы жер телімінің құжаттарын жасап беретінін айтып, 1 100 000 теңге ақшасын алып кеткен. Оған сенген тұрғын жарты жыл бойы құрғақ уәдесіне сеніп жүрген. Ақыр аяғында не құжат жоқ, не ақша жоқ алданғанын біліп полицияға арызданудан басқа амалы қалмағана. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты жергілікті мекенжайынан ұстады. Оны бірден басқармаға жеткізді. Күдікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 600 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша алған. Жалпы шығын көлемі 3 000 000 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтінін растады. Осылайша оңай олжамен ақ нәпақасын айырамын деген азамат қақпанға тұтылды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5738 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12150 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 12067