Әлеумет Қомақты қаражат ұрлаған ұры ұсталды Редактор 08.08.2022 13346 1 оқу мин Ұрлықты кәсіп қылғандардың түбінде барар жері темір тор. Алайда қолға түспеймін ау деген үмітпен қылмысқа баратындардың қатары сейілер емес. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының тәжірибелі тәртіп сақшылары үй ұрысын құрыққа іліндірді. Жергілікті тұрғын Сарыағаш АПБ-ға пәтер ұрлығы жөнінде шағым түсірген болатын. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу кіріп, жатын бөлмесінде тұрған 1 500 000 теңге ақшасы мен 600 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Ұрлықты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. 3 күн бойы жан-жақты жинақталған мәліметтер мен табылған айғақты заттарды саралай келе, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Белгілі болғандай, үй ұрысы жәбірленушінің үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, ақшаны жымқырып кеткен. Сондай-ақ күдікті өзгенің ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5989