Әлеумет Қос азаматтық алып жүрген ер адам анықталды Редактор 08.08.2022 12200 1 оқу мин ҚР Конституциясында қос азаматтық көзделмеген. Алайда аталған заң талабын ескергісі келмейтіндердің қатары аз емес. Ал ол үшін заң бойынша жаза көзделгені белгілі. Түркістан облысына қарасты Келес ауданы полиция бөлімінің полицейлері Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын тексеру кезінде, оның қос азаматтықты қабылдап, құжаттанғанын анықтады. Яғни ол Қазақстан азаматы бола тұра, 2015 жылы Ресей Федерациясына жұмыс жасау үшін барып, сол жақта үйленіп қалып кеткен. Осылайша Ресей Федерациясының төлқұжатымен құжаттанған. Алайда ер азамат заңға сәйкес бұл туралы мемлекетке хабар бермеген. Яғни ер адамның Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы елшілікке хабарлама келіп түспеген. Ал ҚР Конституциясында қос азаматтық көзделмеген. Сондықтан полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Келес ауданының сотына жолдады. Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған әрбір адамға заңды шара көрілетіндігін ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10133 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 25814 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 11811