Әлеумет Ломбардтағы ноутбугыңды шығарып беремін деп, тұрғыннан ақша алған алаяқ ұсталды Редактор 08.08.2022 15853 1 оқу мин Ломбардқа қойылған кепілзатты тек ақшасын төлеп қана ала аласың. Алайда алаяқтар «аңқау елге арамза молданың» кейпіне еніп, алдап арбаумен айналысып жүр. Ломбардқа қойған ноутбугын алып беремін деген алаяққа алданған тұрғын сан соғып қалды. Бүгінде бөтеннің сеніміне кіру арқылы алдап, алаяқтық әрекеттерін іске асыратындар қатары көбейген. Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша табатын талай алаяқтарды құрықтап жүр. Мәселен, Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері ломбардқа кепіл ретінде қойған ноутбугыңды шығарып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, жергілікті тұрғынның танысы ломбардтағы мүлкін әперемін деп 50 мың теңгесін алған. Алайда арадан біршама уақыт өтсе де ноутбугын ала алмаған не ақшасын қайтара алмаған. Содан тұрғын сан соғып қалғанын түсініп, ҚПБ-ға арызданып полицияның көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Түркістандық полицейлер жәбірленушінің арызына орай, шұғыл түрде іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ер адам тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде… Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018