Түркістан облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен халықтың сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін құқықтық кеңестер беру мақсатында, адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және жеке сот орындаушыларының қатысуларымен «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Кездесу барысында қарыздары бойынша жеке есеп шоттарының қай жағдайларда ашылуын, алимет өндіріп алу бойынша және жәрдемақы тағайындау үшін қандай құжаттардың рәсімделу қажет екендігі туралы мәселелер бойынша 20-ға жуық қала тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, азаматтарға алаяқтыққа және қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып, қаржы пирамидаларын жасаушылардың жалғыз мақсаты табысы жоғары жобаға сенетін азаматтардан ақша тарту екендігі, алаяқтық схемаларын әртүрлі тәсілдермен бүркемелеуге тырысатыны, сол үшін ондай алаяқтық іс-әрекеттерден сақтау керектігі айтылды.