Әлеумет Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды Редактор 08.08.2022 15176 1 оқу мин Көшеде қараусыз қалып кеткен затты қақшып кететін сұғанақтар түбі бір құрыққа ілінетінін қаперге алмайды-ау осы. Ұрлаған затын аз-маз ақшаға пұлдағанымен арқалар жазасы ауыр екенін ұғынбайтындығы өкінішті. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын «Урал» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның үйінің ауласының алдында тұрған велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде жас жігіт ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті жымқырған велосипедті Шымкент қаласының тұрғынына сатқан. Бүгінде ұрланған велосипед тәркіленіп алынып, заңды иесіне тапсырылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға велосипед ұрлығынан қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі — велосипедті қараусыз қалдырмау екендігін ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961