Әлеумет Оқытушылардың жалақысы артты Редактор 09.08.2022 15415 1 оқу мин Мәдениет және өнер саласындағы 4 университет оқытушыларының еңбекақысы көтерілді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген», — деп жазылған хабарламада. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады. Ол 4 шығармашылық жоғары оқу орнына қатысты: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы. Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018