Әлеумет ТҮРКІСТАН: АӘК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ Редактор 09.08.2022 15758 1 оқу мин Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты. – Облыста мемлекеттік АӘК алушы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларының саны 52660-ты құрайды. Өткен жылы ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес, аталған санаттағы балаларға жергілікті бюджеттен білім қоры есебінен және республикалық бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік пакет арқылы қаржы қаралған. Ал биыл облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттен осы санаттағы 52 660 балаға материалдық қолдауға қаражат бөлінетін болды. Әр балаға мектеп формасына 35 275 теңге белгіленді, – деді басқарма басшысы. Сонымен қатар баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,9 млрд. теңге қажеттілігі туындап отыр. Осы ретте аталған мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылуда. Сондай-ақ ата-аналар тарапынан түскен шағым бойынша басқарма басшысы әр мектептің өзінің жеке формасы болмайтынын, министрлік тарапынан оқушы қара-көк түсті шалбар, костюм мен ақ көйлек кисе жеткілікті екенін жеткізді. Бұдан бөлек, 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Акция шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке қажетті материалдық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез келген адам Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961