Әлеумет «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы өтті Редактор 09.08.2022 7815 1 оқу мин «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Арыстанұлының бастамасымен игі шара өтті. Шара аясында кәсіподақ басшылығының қолдауымен жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетті құрал жабыдықтар толы сөмке таратылды. Игі бастама «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы аясында өтті. «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. Нәтижесінде бірінші сыныпқа баратын 214 баланың тізімі жасақталып, оларға оқуға қажетті жабдықтар таратылды. “Ел президенті 2022 жылды — Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат — өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым — Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз, — деп баса айтты. Мемлекет басшының балалар жылы деп жариялауының маңыздылығын қолдап, «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі бұл акцияның жылда санын арттырып ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы 2021 жылы бастау алып 204 оқушыға таратылып, қазіргі кезде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді”-дейді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен. Айта кетейік, қайырымдылық шара аясында кәсіподақ атынан жыл басынан бері 473 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Алдағы уақытта игі шаралар жалғасын табады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 1 оқу мин Әлеумет «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 22.04.2025 1111 Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 15624 Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 1 оқу мин Әлеумет Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 16.04.2025 28339