Әлеумет Шетел азаматтығын алғанын хабарламағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды Редактор 21.08.2022 15712 1 оқу мин Келес аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының азаматы А 2019 жылғы 6 маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарламаған. Құқық бұзушы А. ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 612600 (алты жүз он екі мың алты жүз) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6109 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592