Әлеумет Шымкентте «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды Редактор 26.08.2022 16507 1 оқу мин Шымкентте «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды Шымкентте атыс қаруын қолданылатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 25 тамыздан бастап қала аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Іс-шара барысында азаматтық, қызметтік қару иелерін тексеру ұйымдастырылады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау және заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. «Қару» жедел профилактикалық іс-шаралары атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында және атыс қаруын заңсыз айналымынан тоқтатуға, ұрланған және жоғалған қаруды іздеуге, сондай-ақ азаматтық қару иелерін тұрғылықты жері бойынша оның сақталу туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеруге бағытталған. Сонымен қатар қала тұрғындарының назарына заңсыз қару-жарақ, оқ дәрілермен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтындығын хабарлаймыз. «Қару» жедел-алдын алу шарасы 28 тамызға дейін жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961