Әлеумет Мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестациядан босатылады ма? Редактор 28.08.2022 14803 1 оқу мин Оқу-ағарту министрі Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестацияның тестінен босатылатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. “Бізде 30 жыл еңбек өтілі бар әріптестеріміз бар. Олар бізге “30 жыл жұмыс істедік, қандай жеңілдіктер болады” деп айтады. Біз қазір тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді дайындап жатырмыз. 30 жыл мектепте жұмыс істеу – нағыз ерлік. 30 жыл бойы жұмыс істеп, балалардың алдында аянбай еңбек еткен педагогтерді аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өткізуге шешім қабылдадық. Мұғалім тек портфолиосын тапсырады. Біз 30 жыл бойы жұмыс істеп келген мұғалімге сенуіміз керек. Оларды үлкен стресске апармай, екінші этаптан ғана өтуге мүмкіндік беріп отырмыз», – деді министр. Сондай-ақ министр мұғалімдердің енді күніне екі құжатты ғана тапсыру керек екенін айтты. “Бізде күнделікті ойға сыймайтын қаншама құжаттар болатын. Қазір біз тиісті заңнаманы қабылдадық. Күніне мұғалім тек қана екі құжат тапсыруы керек. Бұл – өзінің күнделікті жоспары. Сондай-ақ бағаны электрондық журналға қояды. Болды, мұғалімнен басқа ешқандай құжат сұрамауы керек”, – дейді министр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6109 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592