Әлеумет Ауыл ұстаздары мен қала мұғалімдерінің қайсысы көбірек жалақы алады? Редактор 05.09.2022 21498 1 оқу мин Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл ұстаздарының қала мұғалімдерінен қарағанда көбірек жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. “Біріншіден, барлық ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әріптестеріміздің жалақысына қалалық мектепте жұмыс істейтін әріптестерімізбен салыстырғанда қосымша ай сайын 25 пайыз қосылып отырады. Яғни, қалада бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалімнен қарағанда ауылда бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалім көбірек алады”, – деді министр. Сондай-ақ министр сынып оқушылары арасында бір пәнді бөліп оқытуға қатысты пікір білдірді. “Екіншіден, бізде ауылда орналасқан шағын жинақы мектептер бар. Ол мектептерде балалардың саны аз болғаннан кейін бірнеше сыныптар бірге оқытылады. Тіпті осындай сыныптарда 16 бала болған күннің өзінде біз екі сыныпқа бөліп оқытуға мүмкіндік беріп отырмыз. Сондай-ақ бір пәнді 10 немесе 15 балаға бөліп оқытайық деген мәселе айтылады. Барлық пәнді бөліп оқытудың өзіндік жөні болуы керек. Екіншіден, бір пәнді бөліп оқыту үшін қосымша тағы бір кабинет керек болады. Оның арнайы әдістемесі, арнайы қаражаты бар. Сол себепті бұл мәселені кешенді қарауымыз керек”, – дейді ол. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018