Әлеумет №1 қалалық емхана ұжымы қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жолдады Редактор 06.09.2022 12374 1 оқу мин Қайырымдылық қасиеті қанына сіңген халқымыз қашанда өзгенің қайғысына ортақтасып, бөліскенді өзіне борыш санаған. Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды шымкенттіктер де ауыр қабылдады. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында ең қажетті заттар жинауды бастап кетті. Шымкенттегі №1 қалалық емханасы қостанайлықтарға көмек қолын созуға медицина мекемелері арасында алғаш болып кірісті. Мекеме ұжымы өте аз уақыттың ішінде қостанайлықтардың сұранысына сай ең бірінші қажетті азық-түлік өнімдерін, гигиеналық заттар қорын жасақтады. «Өрттен зардап шеккен қостанайлық ағайынға аз да болса өз көмек қолымызды созсақ деген ниетіміз болды. Емхана ұжымы тарапынан қолдау, тауып барлығы бір кісідей атсалысты. Қысылтаяң кезде ешкім де бей-жай қалмауы қажет деп есептеймін, дәл осындай сәтте халықтың бірлігі мен ынтымағы бекемделе түсетіні анық», — дейді №1 қалалық емханасының бас дәрігері Махамбет Бейсеуов. Қайырымдылық жасау- ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қай кезеңде де, қандай қиын жағдайда да қазақ халқы қолұшын созуды басты парызы санайды. Емхана ұжымы әрдайым мұндай игі бастамалардан шет қалған емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961