Әлеумет Жер алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адамды анықтады Редактор 10.09.2022 15149 1 оқу мин Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізді. Яғни жәбірленушінің айтуынша, өзіне таныс ер адам 12 соттық жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Осылайша күдікті алдау жолымен 2022 жылдың наурыз айында оның 4 миллион теңге ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобы арызданушы жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ҚПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті заңсыз әрекет жасау үшін әртүрлі өтірік сөздерін айтып жәбірленушіден ақша алған. Ал сезікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез келген адамға сенбеңіздер деп ескертеді. Мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға дағдыланыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6200 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592