Әлеумет Бас дәрігер Аяз атаға хат жазған баланың арманын орындады Редактор 20.12.2022 17112 Арманшыл баланың арманы орындалды. Жаңа жыл қарсаңында қиял кеңістігінде еркін қалықтайтын бала біткен ғажайыптарға сеніп, Аяз атаға хат жаза бастайтыны белгілі. Шымкент қаласындағы Бозарық шағынауданының кішкентай тұрғыны Әлихан Қалдыбай да Аяз атаға арнайы хат жолдады. Ол өз хатында ғажайыптар сиқыршысы Аяз ата балалардың барлығының арманын әлбетте орындайтынын, алдағы уақытта озат оқуға уәде беретінін айтқан. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына келіп түскен хатты жауапсыз қалдырмаған ШЖҚ №1 қалалық емхана МКК басшысы Махамбет Бейсеуов кішкентай Әлиханды арнайы шақырып, сыйлығын табыстады. Бас дәрігер 8 жасар Әлиханға сабағын жақсы оқып, келешекте еліміз мақтан тұтар айбынды азамат болып өсуіне өзіндік тілегін жеткізді. Кішкентай ботақанының өтінішін жерде қалдырмаған бас дәрігерге Әлиханның анасы зор алғысын білдірді. Қаладағы №57 мектептің озат оқушысы Әлихан Қалдыбай болашақта орта мектепті үздік бітіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосамын дейді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 19937 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 26870 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32703