Әлеумет Бас дәрігер Алғыс хатпен марапатталды Редактор 22.12.2022 16670 1 оқу мин Еселі еңбек ел алғысымен өлшенбек. Ал ел Президентінің алғысының орны тіптен бөлек. Денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз еңбектен бөлек қоғамымызда орын алып жатқан елеулі оқиғаларға белсене атсалысу да азаматтық борышымыз. Жуырда ғана еліміз үшін айырықша орны бар Президент сайлауы науқаны өткені белгілі. Аталмыш шараға үлес қосқаны үшін Шымкент қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов мемлекет басшысының алғыс хатын алды. Бұл емхана ұжымы үшін де айырықша орны бар марапат. Өйткені еліміз үшін маңызды шараны үйлестіру жұмыстарына барынша күш жігерін жұмсаған басшының еңбегі мақтауға тұрарлық. Ел президенті өз ықыласын ерекше жеткізген. «Құрметті Бейсеуов Махамбет Әбдезімұлы! Сізге Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс айтамын! Біз күш жігерімізді жұмылдырып, барша азаматтарға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет -Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз деп сенемін! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!» делінген алғыс хатта. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты кешігіп болса да өз иесіне табысталды. Енді артқан сенімді ақтап, өңірдің өрлеуі жолында аянбай қызмет ету міндеті тұр. Ел игілігі жолындағы еңбек жемісті болып, биік белестерді бағындырып, толағай табысқа жету басты мұрат болып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10236 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 26584 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 12062