Әлеумет Пайызторғай сатып, пайдаға кенелмек болған Редактор 10.03.2023 10057 1 оқу мин Шымкент қаласы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған. Мәселен, 2023 жылдың 5-наурызында «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген 2 тұлға анықталып, әкімшілік шара көрілді. Заңсыз құс аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабының 1 бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді. Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 13-наурызға дейін жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3053 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 4095 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4269