Әлеумет Заңсыз аңшылыққа қатысты 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды Редактор 12.03.2023 13233 1 оқу мин Түркістан облысы аумағында браконьерлікті анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулау жайттарына қарсы 24 ақпан мен 13 наурыз күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, өзендер, су айдындары және т. б. жағалауларда кешенді рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тәртіп сақшылары атқарған жұмыс нәтижесінде, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 101 дерегі анықталды. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың 47 жайты мен балық аулау бойынша 43 дерек анықталды. Сондай-ақ 10 құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Полицейлер браконьерлерден барлығы 18 келі балық, резеңке қайық, балық аулауға арналған 8 шанышқы мен балық аулау торларын тәркіледі. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6200 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592