Әлеумет «Үкіметтен грант әперемін»: Шымкентте тағы бір тұрғын алданып қалды Редактор 13.03.2023 13155 1 оқу мин «Кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алып беремін» деп, алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды. Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «Үкіметтен кәсіп ашу үшін қайтарымсыз қолдау қаржы — грант алып беремін» деп, алдын ала 100 000 (жүз мың) теңгесін алып, он ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай сандалтып жүргенін жазып көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-44-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі кезде ұсталған азаматша өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу әрекеттері жалғасуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018