Әлеумет МАҚТААРАЛДА «НАУРЫЗ — САУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ МАРАФОН ӨТТІ Редактор 14.03.2023 12494 1 оқу мин Мақтаарал ауданында әз-Наурыз мейрамын атап өтуге арналған 10 күндік іс-шара жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, бүгін «Наурыз — саулықтың кепілі» атты тұрғындар арасында үлкен марафон жарысы өтті. Мырзакент кентінің кіреберіс қақпасынан бастап орталық алаңға дейін жүгірген 100-ден астам тұрғындар 3 км-ден аса жолды басып өтті. Жарыста қауіпсіздік шаралары толық сақталып, арнайы полиция және медицина қызметкерлері тарапынан сүйемелденді. Жарыстың нәтижесі бойынша ІІІ орынды Мырзакент кентінің тұрғыны Әділет Жарылқасын, ІІ орынды Атакент кентінің тұрғыны Нұрдәулет Тастемір жеңіп алды. Ал, жүлделі І орынды Достық ауылдың округінің тұрғыны Розумбек Кенжебаев иеленіп, «Наурыз — саулықтың кепілі» атты аудандық марафонның жеңімпазы атанды. Марафонның жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға аудан әкімі атынан алғыс айтты. Сонымен қатар, жеңімпаздарды арнайы кубокпен және дипломмен марапаттады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6286 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592