Әлеумет 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ӨСЕДІ Редактор 15.03.2023 9659 1 оқу мин Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулер жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясын арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда: • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге; • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (қазір 20 948) теңге стипендия төленеді. • Стипендия мөлшерін арттыру бойынша қаражат көлемін республикалық бюджет комиссиясы қолдаған. «Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді», делінген қаулының түсіндірме жазбасында. Еске салайық, Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында студенттер стипендиясының мөлшерін 2 есе ұлғайту қарастырылған. Қаулы жобасы 30 наурызға дейін жария талқылауға ұсынылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3015 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 3985 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4112