Әлеумет Аспанға оқ атқан жас жігіттер ұсталды Редактор 16.03.2023 13530 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады. Яғни олар белгісіз қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты. Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Жас жігіттер өздерінің осы іс-әрекеттеріне өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018