«Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады. Жол ақысы-70 теңге. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді. Ұлыстың Ұлы күніне арналған “Great Qazaq Games” іс-шарасы Наурыздың 20-23 аралығында өтеді. Көліктер белгіленген аялдамалардан Ипподромға осы күндері қатынайтын болады. Орталық стадион Уақыты: 08:00-19:00 Автобус саны — 8 Бағыты: Мәделі қожа, А.Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Бәйтереков, Қ.Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы; Астана алаңы (әкімшілік-іскерлік орталығы) Уақыты: 08:00-19:00 Автобус саны — 7 Бағыты: Н. Назарбаев даңғылы, С.Бәйтереков, Қ. Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы; ••• «Шымкент Сити» шағын ауданы Уақыты: 08:00-19:00 Автобус саны — 3 Бағыты: Алматы айналма жолы; ••• «Тұран» шағын ауданы Уақыты: 08:00-19:00 Автобус саны – 1 Бағыты №7 көше, Алматы айналма жолы; ••• Тұран-2» шағын ауданы Уақыты: 08:00-19:00 Автобус саны -1 Бағыты- №10 көше, Алматы айналма жолы;