«БИIК-Қазығұрт» командасы бүгінде жоғары нәтижелер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантып жүр. Қазақстан ұлттық құрамасының барлық дерлiк ойыншылары осы клубта өнер көрсетедi. Мақтаулы команда соңғы 3 жыл көлемiнде елiмiзде қарсылас шыдатпай жүр. Екi рет ел чемпионы атанып, Қазақстан кубогiн иемденген. Қазiр елiмiздiң футбол командалары «БИIК»-тiң базасында дайындалып жүр. Сондай-ақ, дзюдо, еркiн күрес, грек-рим күресiнен ұлттық құрамамыз да Тассай елдi мекенiндегi жаттығу залын жалға алып, шеберлiктерiн шыңдады. «Қазығұрт» командалық ойын түрлерi спорт мектебiмен бiрлесе атқарған жұмыс нәтижесiнде «БИIК-Қазығұрт» атты команда елiмiздi былай қойғанда Еуропа алаңдарында доп тебуде. Болгариялық Калоян Петковтың шәкiрттерi iрiктеу кезеңдерiнен сүрiнбей өтiп, Еуропаның ең үздiк 32 командасының қатарына енiп отыр. Мұның өзi үлкен олжа. Жуырда футболдан Ирландияда Еуропа Чемпиондар Лигасының iрiктеу топтық кезеңi өттi. Ел намысы сынға түсетін айтулы додада Оңтүстік Қазақстан облысының «БИIК-Қазығұрт» командасы үш қарсыласын да жеңiп, абыройды аспандатты. Ала допты ұршықша иірген жерлестеріміз футбол алаңының шаңын шығарды. Жерлестерiмiз үшiншi турда Литваның азулы «Гинтра Университетас» командасын 3:0 есебiмен ұтты. Командалық кездесу барысында-ақ қай команданың басым екендігі байқалып тұрған болатын. Желден жүйрік жерлестеріміз кездесудің алғашқы минуттарында-ақ голға ұласып, Адуле есеп ашты. 44-минутта Литвиненко екінші голды салып, бір қуантса, 82-минутта Габелия литвалықтардың қақпасына үшiншi голды салды. Бұған дейiн «БИIК-Қазығұрт» ирландиялық «Уэксфорд Ютстi» 3:1 және молдовалық «Криуля» командасын 3:0 есебiмен жеңген болатын. Осылайша, «БИIК-Қазығұрт» УЕФА чемпиондар лигасының плей- офф бәсекелерiне жолдама алды. Алдағы уақытта жанкүйерлерін жерге қаратпайды деп нық сеніммен айтуға болатын сынды.