Әлеумет НАУРЫЗ — ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ Редактор 18.03.2023 15644 1 оқу мин Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев наурыз айының 13-22 күндері аралығында аудан аумағында «Қош келдің, Әз Наурыз!» такырыбында іс-шаралар жоспарын бекітті. Бекітілген іс-шара кестесіне сай, бүгін «Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мен жалғыз ілікті қарттарға, өзге де нысаналы топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Аудандық Мәдениет үйінде өткен іс- шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға арнайы ALAS DEAFLYMPICS қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен «Шаншар» әзіл- ысқақ театрының ұжымы шақырылды. Театр қызметкерлері әзілдерімен, сахналық қойылыммен көпшіліктің көңілінен шықты. Наурыз мейрамы құрметіне келушілер ұлттық тағамдар — наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты. Мерекелік шара барысында демеуші ALAS DEAFLYMPICS қоғамдық бірлестігі түрлі ойындар ұйымдастырып, қатысушыларға сыйлықтар үлестірді. Шараға келген қонақтар өздеріне рухани демалыс сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6286 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592