Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы мақсатқа былтыр облыс бюджетінен 8 млрд. 588 миллион теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда облыста спорттық нысандар саны көбейіп келеді, 81 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс істейді. Оның 8-і облыстық болса, біреуі аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. Және біреуі – «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы. Бұдан бөлек 18 облыстық, 53 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Өткен жылы Шардара ауданында №3 футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылған болатын. Барлығын қосқанда 82 болды. Мұның барлығы да спорттың дамуы үшін жасалып жатқан жағдайлар. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға көптеп көңіл бөлінуде. Осы мақсатта былтыр облыс аумағында 4567 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Мұндай шараларға қатысуға жастардың ынтасы зор. Оның 2877-сі ауылды жерлерде өткізілді, оларда 320 мыңнан астам адам қатысты. Бәрін қосқанда жарты миллионға жуық оңтүстікқазақстандық қамтылған. Бұлардан бөлек, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс аумағында түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Оған мемлекеттік қызметкерлерден бастап, құқық қорғау органдарының (прокуратура, ішкі істер, әділет министрлігі, сот жүйесі, ұлттық қауіпсіздік комитеті), төтенше жағдайлар департаментінің, медицина саласы мамандарының, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының спартакиадаларын ұйымдастырылуда. Мұның барлығы да бұқаралық спортты дамыту үшін жасалуда.