Әлеумет ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ШАҺАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ Редактор 26.03.2023 13249 Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жауапты мамандармен бірге қаланы аралап, абаттандыру, көгалдандыру, жол төсеу мен қазылған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Әсіресе, қала көркін ашатын негізгі орталық көшелердің бойында орналасқан ғимараттар мен тұрғын үй қасбеттерінің талапқа сай әрленуі жіті бақылауда. Нұрбол Әбдісаттарұлы берілген тапсырмалардың атқарылуына қатысты бірқатар ескертпелер айтты: — Нақты нәтиже керек. Бір ай бұрын берілген кей тапсырмалар әлі күнге орындалмай отыр. Неге? Жайбасарлық күнді өткізер, бірақ абырой әпермейді. Бір аптада өздеріңізге белгіленген аумақта өзгеріс болмаса, өкпелемеңіздер, шара көрілетінін ескертемін, — деп, сынды түзетуге мерзім белгіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6286 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592